«Батаменен ел көгерер» атты аудандық ақсақалдар байқауы өтті

2022 ж. 8 шілде

«Батаменен ел көгерер» атты аудандық ақсақалдар байқауы өтті

Маусым айының 28-і күні Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық мәдениет үйінде Төлеби ауданының 90 жылдығына, ақын, әдебиет зерттеушісі ғалым, түркітанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, Мемлекет қайраткері Абылай ханның 310 жылдығы аясында елдігіміздің көкжиегін кеңейтер, ел бірлігі мен халықтар достығын нығайтып, жас ұрпақтың туған топырағына деген сүйіспеншілігін арттыратын және ата-бабаларымыздан мирас болып қалған асыл мұраларымызды: мемлекеттік тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, мақал мәтелдеріміз бен шешендік сөздерімізді, ырым-тыйымдарымызды кеңінен насихаттап, жастарымызды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелейтін рухани құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «Батаменен ел көгерер» атты ақсақалдар байқауы өтті.

Іріктеуден өткен 9 ақсақал өзін-өзі таныстыру, бата беру, зерделік сұрақ-жауап, өнер сайыстары бойынша сынға түсті. Қазақ тілінің шұрайлылығын, шешендік өнердің тереңдігін дәріптейін сайыс аса тартысты өтті. Бата беру дәстүрінің кеңінен сақталып қалғанын аталмыш байқау байқатты. Осы ата салтымызды ары қарай дамыту үшін осындай сайыстарды дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп тұру қолға алынса құба-құп.Қазылар алқасының шешімімен қарияларымыз төмендегіше орындарға ие болды.Бас жүлде – Анашов Дүйсентай (Оңтүстік ауылдық клубы ), І – ОРЫН – Туғанбаев Құттыбек (Зертас ауылдық мәдениет үйі), ІІ – ОРЫН – Сұлтанбеков Омархан (Диханкөл ауылдық клубы), ІІІ – ОРЫН – Молдияров Молдағали (Кемеқалған ауылдық клубы), ІІІ – ОРЫН – Айдарқұлов Болысбек (Бейнеткеш ауылдық клубы) ие болды. Бұдан бөлек, арнайы номинациялар да тағайындалған болатын.«Өнегелі қария» - Балғабаев Қожаназар (Аққұм ауылдық округі), «Батагөй қария» - Молдабаев Жалғасбай (Мәдени ауылдық клубы), «Ақылды қария – ағынды дария» - Әлім Талғат (Қостөбе ауылдық клубы), «Қазыналы қария» - Миятбеков Мусилхан (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі) ие болды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта ұлттық салт дәстүрімізді дәріптейтін осы бағыттағы байқаулар жалғасын табатынын айтты.