Бастауыш мектепке лицензиялау алды тексеру жүргізілді
2022 ж. 16 шілде

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Алматов 2022 жылғы 15 шілде күні Сарыағаш ауданында орналасқан “Әйтеке-Би” бастауыш мектебі” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне лицензиялау алды тексеру жүргізді.
Тексеру барысында “Әйтеке-Би” бастауыш мектебі” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастауыш білім беретін оқу бағдарламалары бойынша лицензия және лицензияға қосымшаларға берілген құжаттары “Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі” Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына сәйкестігі қаралды.