Бастауыш кәсіподақпен кездесу өткізілді
2022 ж. 11 шілде

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлы Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылы №25 жалпы орта мектебі бастауыш кәсподақ ұйымының ұстаздарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жандос Шайдуллаұлы мектеп ұжымы мен оқушыларын 2021-2022 оқу жылының аяқталуымен құттықтап, үлкен өмірге қанат қағып бара жатқан талапкерлерге жаңа өмір қадамдарының басталуымен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, 2022 жылдың 16-17 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында жастар арасында өткен республикалық «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ» жеңіл атлетика жарысында үздіктердің үздігі атанған Ескі Иқан ауылы №25 жалпы орта мектебінің оқушылары мен жаттығушыларын жүлделі І орын алғанымен құттықтады.
Кездесу соңында Жандос Шайдуллаұлы 5 маусымда өтілетін жалпыұлттық Референдум жайлы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған өзгертулер мен түзетулерді түсіндірді. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландыруға, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге, қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.