"Бар жақсылық балаларға!" атты мерекелік іс- шара өтті

2022 ж. 16 шілде

"Бар жақсылық балаларға!" атты мерекелік іс- шара өтті

Түркістан облысы Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Ұйымшыл шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінде "Бар жақсылық балаларға!" атты мерекелік іс- шара өтті. Оқушылардың ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Іс-шараны мектептің директоры Т.Байдибеков сөз сөйлеп, ашып берді.

Іс-шарада түрлі әндер айтылып, сайқымазақтар бүлдіршіндерді билетіп, мерекелік іс шараны қызықтыра түсті.

Қуыршақ театры көрініс көрсетіп, балалардың көңілдерін көтерді.

Ардагер ұстаздар Косалиев Абдуали ағай мен Косалиева Гүлнар апай, ата аналар комитетінің төрайымы Аталыкова Несіпкүл апа балаларға ыстық лебіздерін білдірді. Лоторея ойнатылып, барлық қатысушылар сыйлық алып және балмұздақ таратылды. Өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.