Балаларға сыйлықтар табыс етілді

2022 ж. 5 шілде

Балаларға сыйлықтар табыс етілді

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ханарық жалпы орта білім беретін мектебінің жалпы мектеп тәрбие жоспарына сәйкес мектеп жанындағы лагерьдің ашылуына байланысты арнайы іс шара ұйымдастырылды. Іс шарада тау бөктерінде орналасқан, табиғаты тамаша Ханарық ауылының аспаны әнге бөленіп, балалардың сыңғырлаған күлкісі жаздың алғашқы күнінің сәнін келтірді.

Сондай-ақ, мерекелік кеште балалардың білімге деген кітапқа деген қызығушылығын арттырып, көкжиегін кеңейтуге ықпал жасаған Ханарық жалпы орта мектебінің кітапханасы және ауылдық кітапхана меңгерушілері тарапынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, бүлдіршіндер кітап әлеміне саяхат жасады.Ауыл кәсіпкерлері ұйымы ( Исатаев Эргашбек пен Исатаева Феруза ) тарапынан балаларға мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Мәз- мейрам мен шат-шадыманға толы әдемі кеште ауылдың ата –әжелері мен ата-аналары ақ батасын беріп, жылы лебіздерін білдіріп қимастықпен тарқасты .

Ендеше, барлығымыз балаларды біздің планетамыздың кішкентай тұрғындарының өмірін жақсартуға және қауіпсіз етуге тырысайық!