Балаларға ұмытылмас естелік сыйлады

2022 ж. 14 шілде

Балаларға ұмытылмас естелік сыйлады

"2022 жыл - Балалар жылы" деп жариялануына байланысты іс-шаралар барысында Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің демеушілігімен Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Ордабасы ауданы мен Шымкент қаласына саяхатқа барды. Балаларға ұмытылмас естелік пен керемет сыйлықтар сыйлауға қолдау білдірген Ордабасы ауданының әкімі Батыршаев Бағлан Дәнебекұлына және Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нурабаева Шұға Тұрмахамбетқызына балалар алғыстарын білдірді. Ұмытылмас естелік қалдырғаны үшін балалар шат шадыман қуанышқа бөленді. Мектептегі білім алудан бөлек, түрлі саяхаттарға шығудың орны ерек екенін әр бала мойындайды. Сондықтан да биылғы Балалар жылында ерекше сыйлық жасап жатқаны үшін адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне алғыстарын айтып отыр.