«Балалардың игілігі үшін» мектепішілік тәрбие сағаты өтілді

2022 ж. 17 шілде

«Балалардың игілігі үшін» мектепішілік тәрбие сағаты өтілді

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Көксәйек жалпы орта мектебінде 4-сынып жетекшісі Ахметова Айнұрдың жетекшілігімен «Өмір ағашы», «Менің ата тегім» тақырыбында «Балалардың игілігі үшін» мектепішілік тәрбие сағаты өтілді. Аталмыш мектепте оқушыларға терең білім беруден бөлек, саналы тәрбие беруге аса қатты көңіл бөлінеді. Сондықтан да оқушыларға отансүйгіштікке, еліміздің патриоты боулуға, отбасы мүшелерін сыйлауға, қоғамда өзіндік орны бар тұлға болып қалыптасуы үшін барынша тәрбие сағаттары жиі ұйымдастырылады. Бүгінгі өткен тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға ұлттық тәрбие және адами құндылықтарды дарыту. Оқушылардың дүние танымдық қабілетін дамыту.

Оқушылар өздерінің Ата-тектерін «Өмір ағашына» орналастыра отырып айтып шықты. Тәрбие сағаты өте қызықты өтті. Алдағы уақытта дәл осы бағытта жалғасын табатын болады.