Балалар кітапханасында арнайы шара өтті

2022 ж. 14 шілде

Балалар кітапханасында арнайы шара өтті

Түркістан облысы,Түлкібас ауданы, Г.Титов атындағы жалпы орта мектебінің физика пәніне қызығушылығы басым оқушыларымен "Жазғы демалыс уақытында мектеп оқушыларын оқуға тарту" жұмысын

ұйымдастыру мақсатында аудандық балалар кітапханасында шара өтті. Мұнда мақсат - оқушылардың физика пәніне сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын одан әрі дамыту, жас оқырманның өзіндік дамуына кітаптың ролін бекіту, түрлі әдістермен балалар бойында кітапқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру, оқушылар мен ата-аналарды жүйелі оқуға және кітапханаға келуіне атсалысу болып табылады.Кітапханада оқушылар физика пәнінен мектеп бағдарламасынан тыс көптеген кітаптармен танысты, өздеріне қызықты ақпараттар алды. Сондай-ақ, басқа да әдеби кітаптарға шолу жасады.

Осы орайда оқушыларыма жылы қабақ танытып, бар сүйіспеншілікпен қызмет көрсеткен Аудандық балалар кітаханасының қызметкерлерінің еңбегі зор.