«Балалар ел болашағы» атты қайырымдылық шарасына арнайы шақырылды

2022 ж. 14 шілде

«Балалар ел болашағы» атты қайырымдылық шарасына арнайы шақырылды

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы қарасты Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері, "2022 жыл - Балалар жылы" деп жариялануына орай «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық ұжымының және Бадам ауыл әкімшілгінің ұйымдастыруымен «Балалар ел болашағы» атты қайырымдылық шарасына арнайы шақырылды.

Балаларға арнайы тарихи – мәдени орындар мен ескерткіштерге саяхат жүргізіліп, Ордабасыда өткен ұлы құрылтай жайында тың мәліметтер берілді, балалардың тарихқа деген қызығушылығын артуына ықпалын тигізді. Сонымен қатар жеке және топтық спорттық ойындар ойнатылып, балалар ән айтып би билеп өз өнерлерін көрсетті. Балалар өздеріне арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Ұйымдастырушылар балаларды қуанышқа кенелтетін мұндай шаралар алдағы уақытта ұдайы ұйымдастырылатынын айтуда.