Балалар арасында қойылымдар қойылды
2022 ж. 12 шілде

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы білім бөліміне қарасты бөбекжай балабақшаларында балалардың таным түсінігін, білім көкжиегін кеңейту мақсатында түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Ол үшін түрлі қойылымдар ұйымдастырылып, балалар уақыттарын көңілді өткізеді.
Ордабасы ауданындағы "Bal-Balausa" бөбекжай балабақшасында жазғы сауықтыру бағдарламасының аясында"Балалар жылына" арналған түрлі іс-шаралар өткізілуде. Жуырда аталмыш балабақшада "Ертегілер еліне саяхат" атты балалар арасында қойылымдар қойылды. «Сұңқар» тобының тәрбиешісі Сихымбай Ақботаның ("Қызыл телпек"), «Самұрық» тобының тәрбиешісі Әшімова Манзураның ("Мақта қыз"), «Бәйшешек» тобының тәрбиешісі Қалдыбаева Фаризаның ("Шалқан") «Назерке «тобының тәрбиешісінің Нұралиева Сандуғаштың ("Жеті лақ") жетекшілігіндегі қойылымдар балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Балалар аса қызығушылықпен қатысты. Олар бейне бір ертегілер әлеміне еніп кеткендей, өздеріне берілген рольдерін аса шеберлікпен орындап шықты. Балалардың өсіп, жетілуіне осындай қойылымдардың ерекше әсер ететіндігі сөзсіз.