Балалар арасында аудандық спартакиада өткізілді
2022 ж. 14 шілде

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 13 шілде күні Алатау ауылдық округі, Екпінді елді мекені Біркөлік шатқалы балалар сауықтыру лагерінде «Төлеби ауданының 90 жылдығына» орай жазғы демалыс лагерінде демалушы балалар арасында көңілді старттар, дойбы, арқан тарту спорт түрлерінен аудандық спартакиада өткізілді.
Жарысқа демалыс лагерінде демалушы балалардан жасақталған 9 құрама командадан құралған 90 – ға жуық жас спортшылар күш сынасты.
Жарысты марапаттау салтанатына Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары М.Тасполатов, Ә.Қалықұл және Біркөлік шатқалы балалар сауықтыру лагерінің директоры Гулдана Мауленова жеңімапаздары мен жүлдегерледі марапаттады.
Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада “Көңілді старт” спорттық сайысында жалпы командалық есепте: І - орынды «Қазақ» командасы жеңіп алса, «Алаш» командасы ІІ орынға тұрақтады. Ал, «Алау» командасы ІІІ орынды иеленді. “Көңілді старт” спорттық сайысында Үздік ойыншылар: Алиева Аружан, Назарбаев Нұртас, Қалдыбек Айдана. Дойбы спорттық сайысында: I орын - Құрақбай Саят, II орын - Русланқызы Мариям, III орын - Жақсылық Таңшолпан. Дойбы спорттық сайысында Үздік ойыншылар: Қанатбай Нұржігіт, Закиров Алинур. Ал, арқан тартыс спорттық сайысында: I орын – Достық, II орын – Сұлтандар, III орын – Тұмар командасы иеленді.
Жарысты марапаттау салтанатына жеңімапаздары мен жүлдегерлеріне Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған медальдармен, дипломдармен марапатталды. Жарысқа қатысушылар белсенді түрде қатысты бір-біріне лайықты қарсылас болды. Ойын өте қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.