"Бала және оның құқығы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
2022 ж. 16 шілде

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Абай атындағы шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінде "Балалар жылы" аясында іс-шара жоспарланып іске асыру мақсатында әлеуметтік педагог А. Жанызакова "Бала және оның құқығы" тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.