«Бала тәрбиесінің технологиясы" атты дөңгелек үстел өтті

2022 ж. 15 шілде

«Бала тәрбиесінің технологиясы" атты дөңгелек үстел өтті

Жуырда Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледж ұжымының оқытушыларына «Сенімен Болашақ» РҚБ Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен "Бала тәрбиесінің технологиясы" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Ата-аналардың бала тәрбиесіне көз қарасын өзгерту, позитивтік қатынас қалыптастыру. Сондай-ақ, педагогикалық және психологиялық салауаттылықты жетілдіру; қалыптасу мен дамыту мәселері бойынша тәжірибе алмасу, бір-бірімен сұхбаттасу болып табылады. Мектеп оқушысының өтпелі кезеңдерінде қандай мәселеге назар аударуы қажеттігі сөз болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар спикерлерге сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар ала білді.

«Сенімен Болашақ» РҚБ Шымкент қалалық филиалына алдағы уақытта осы бағыттағы іс шараларды жалғастыратын болады.