Бала құқықтарын қорғау тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
2022 ж. 17 шілде

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында Қаратөбе жалпы орта білім беретін мектебінде "Баланың құқықтары" тақырыбында құқықтану пәнінің мұғалімі Б.Сандыбаев дөңгелек стөл өткізді. "Балалар жылы" жоспарының іс- шараларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 26.12.2011 жылғы "Неке және отбасы туралы" Кодексінің 10- тапау 60-67 баптарының негізінде, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің №229- 18/07- 04/751 санды хатына сәйкес "Өз құқығыңды қорғай бәлесің бе?" атты іс- шара өткізілді. Іс -шара мақсаты : 1- ші оқушылардың құқықтық білімін тексеру , 2- ші баланың отбасында өмір сүруі және тәрбиелену құқығы, 3- ші баланың ортамен араласу құқығы, 4- ші баланың өз пікірін білдіру құқығы, 5- ші баланың өз атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы, 6- шы баланың атын немесе тегін ауыстыру құқығы, 7- ші баланың мүліктік құқықтары, 8- ші баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын түсінуі.
Өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс- пікірлерін, көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемер ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында оқушылар "Баланың құқықтары" туралы білімдерін жетілдіріп, өз ойларын ортаға бөлісті. Сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сондай-ақ мектепт "Балалар жылына" орай арналған бірнеше іс- шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 5 және 2 сыныптар, жетекшілері А.Саудабаева, Р.Ережепова мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. 3- 8 сыныптар арасында аулаға сурет салудан өз өнерлерін көрсетті. Мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектердің жүлдесі үшін 9- 11 сыныптар арасында футболдан және арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды.