«Бақытта бала» семинар-тренингі өтті
2022 ж. 12 шілде

Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі ұжымының оқытушыларына «Сенімен Болашақ» РҚБ Шымкент қалалық және Түркістан облыстық филиалдарының ұйымдастыруымен "Саналы ата-ана - бақытты бала" атты семинар-тренингін өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, дамыту, оқуы баланың білімге деген құштарлығын арттыру, саналы ата-ана сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Ата-ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала үшін бас ұстаз ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. «Сенімен Болашақ» РҚБ Шымкент қалалық және Түркістан облыстық филиалдары алдағы уақытта аталмыш бағыттағы шараларды облыстағы барлық аудандарда жалғастыратын болады.