Ауылдық кітапханашыларға кәсіби сабақ өтті
2022 ж. 8 шілде

Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді. Бүгінгі таңда әрбір адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса біздің барлық іс әрекетіміз осы бағытта болуы керек. Ал оқушылар білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. Өйткені, тәрбие мен білім егіз ұғым десек, жан-жақты білім мен тәрбие беретін мәдени орындардың бірі – ауыл кітапханалары. Бүгінгідей ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында да кітап, кітапхана өзінің құндылығын жоғалтпай, заманға сай жаңғырып оқырманмен біте қайнасып, қызметін жаңа жүйемен жалғастырып отыруы қажет. Қазіргі таңдағы кітапханалар тек кітап беретін орын болып қана қоймай, оқырман ақпарат алатын, бірлесе жұмыс жасайтын, ойын, білім, ғаламторды ұштастырған заманауи орынға айналу жолында талай еңбектер атқарылуы керек. Бүгiнгi тaңдaғы қoғaмдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді.
Осыған орай Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ауыл кітапханалары кітапханашыларының кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Старт: Кітапханашылар қозғалыста» жобасы бойынша Созақ, Бәйдібек аудандарында болып, іс-тәжірибе алмасу, жұмыстың жаңа бағыттарын меңгеру, кітап мәдениетін қалыптастыру мақсатында аудандық, ауылдық кітапханашыларына кәсіби сабақ өтті. Сабақ барысында әріптестерімізге кітапхана жұмысының сан қилы әдістерін меңгеруге, кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдап, білімді де білікті маман ретінде оқырман көңілінен шығып, олардың талаптарын қанағаттандыруға көптеген бағыт-бағдарлар берілді.