Аудандық эссе жазу байқауы өтті

2022 ж. 16 шілде

Аудандық эссе жазу байқауы өтті

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспары аясында Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу туралы арнайы жобасы негізінде курс тыңдаушылары, аудан тұрғындары арасында өтілген «Мемлекеттік тілім, рәміздерім- менің мақтанышым» атты тақырыбында аудандық эссе жазу байқауы өтілді. Байқаудың мақсаты қазақ тілді латын әліпбиінде емле-ережелерін сақтап, сауатты жазу барысында шығармашылық ойды дамыту арқылы жазу шеберлігін шыңдау барысында жалпы 32 үміткер эссе жазу байқауына қатысып, бақ сынасты. Қорытындылай келе аудандық кітапхана қызметкерлері арасынан үздік деп танылған 5 эссе жазу байқауының үміткерлері арнайы орталықтың Алғыс хатымен марапатталды.