Аудандық бөлімдер онкүндік іс шараға өз үлестерін қосты

2022 ж. 15 шілде

Аудандық бөлімдер онкүндік іс шараға өз үлестерін қосты

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Арыс ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімінің кеңесшісі Р.Есполайдың қатысуымен «Ауыл – Ел тірегі» аясында онкүндік іс-шарасын қорытындылау жиыны өтті.

Аталған жиынға бөлім басшылары және тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында ауылдық округінің әкімі М.Сиддиков жергілікті халықтың асар жолымен және демеушілігімен атқарылған жұмыстарды баяндады. Еелесі кезекте аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев дербес бөлімдер тарапынан жүзеге асырылған жобаларды таныстырды. Атап айтқанда, «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты акциясы ұйымдастырылды. Аудандағы коммерциялық нысандарды Жарнама туралы заң талаптарының сақталынуы тексерілді. Мемлекеттік тілге деген құрмет талап етілетіндей жұмыстар атқарылды. «Арыс» спорт мектеп залында, ашық спорт алаңшада жасөспірімдер арасында баскетбол, кіші футбол спорт түрінен спорттық жарыс, таэквандо спорт түрінен әдістемелік ашық сабақ ұйымдастырылып, өткізілді. Онкүндік барысында ауылдық округ бюджет кірістерінің көздері бойынша орындалуына талдау жасалып, салық салу базасына мониторинг жүргізілді. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N89 Қайнарбұлақ жалпы орта мектебінде Балалар сауықтыру лагерінде «Шабытымның асқары менің ауылым» тақпақтар және "Ертегілер әлеміне саяхат" тақырыбында балаларға ертегі, қойылымдар ұйымдастырылды. «Бөкенбай» каналына 4 шақырым бөлігі механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Доланабұлақ және Жартытөбе каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттары дайындалып, құрылысын жүргізу үшін облыстың салалық басқармаға ұсыныс жолданды. Шаруаларға мемлекеттік қолдаулар мен несиелер туралы түсіндірілді. Ауыл округі аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу тәртібін бұза отырып салынған заңсыз құрылыстардың алдын алу үшін үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында, ауыл тұрғындарымен жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізілді. Жоба бойынша белсенділік танытқан жергілікті тұрғындар аудан әкімі атынан марапатталып, жақсы тілектерін білдірді.

Ауылдық округін дамыту, тұрғындардың жағдайын жақсарту бағытында тиісті жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.