Ашық сабақ өтті

2022 ж. 23 маусым

Ашық сабақ өтті

Тіл үйрену, оны меңгеру қай уақытта да өзекті болып қала бермек. Осы тұсат тіл мамандарынан көп біліктілік талап етіледі. Тіл үйренгісі келген азаматтарға барынша методика құрастырып, қызықты сабақтар ұйымдастыра білу нағыз білікті маманның ісі. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы Утегенова Наргиза Асатуллақызы курс тыңдаушыларымен, «Аудандық ветеринарлық зертхана» қызметкерлерімен А2 базалық деңгейі бойынша ашық сабақ өтті. Мақсаты тақырыпты толық меңгерту, сөздіктермен және тапсырмаларды орындау барысында білім сапасын кеңейту болып табылады. Тіл үйренгуге құлықты азаматтар сабақтың өте қызықты өткенін айтуда.