Ашық диалог төңірегінде толғандырып отырған мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды
2022 ж. 17 шілде

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің, «Аманат» партиясының мүшесі Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының базасында қызметкерлермен кездесу өткізді. Ғани Әбдіғаниұлы Жаңа Қазақстанды құру жолында жасалып жатқан күрделі және жүйелі реформалардың жүзеге асырылуына үлес қосу мақсатында Ата заңға өзгерістер енгізу елімізде жүргізілетін саяси жұмыстардың бастамасы екеніне тоқталды. Жаңа Конституция күшіне ену үшін көп жұмыс атқару қажеттігін, 20-дан астам жаңа заң жобаларын, оның ішінде сайлау және саяси партиялар туралы заң жобаларын әзірлеп қабылдау іске асырылғанын нақтылады.
Сонымен қатар VII сайланған Парламент Мәжілісінің II сессиясы басталғаннан бері фракция депутаттары 22 заң жобасына бастамашылық жасап, оның ішінде 11 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойып, 5 жоба Сенаттың қарауына жіберілгенін, Мәжілістің қарауында жатқан – 6 заң жобасы бар екенін атап өтті. Ғани Әбдіғаниұлы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 15 маусымдағы арнайы Жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылғанын және оның мақсат міндеттеріне тоқталды. Одан бөлек, педагогтарға жасалып жатқан жағдай, олардың біліктілігін арттыру мәселесіне де тоқталып өтті.
Кездесу барысында ашық диалог төңірегінде толғандырып отырған мәселелер тыңдалып, ұсыныстар айтылды.