Арнайы тақырып бойынша сабақ өтті
2022 ж. 14 шілде

Түркістан облысы, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты С. Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 7 сыныптары бойынша жазғы мектеп білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында физика пәні мұғалімі Қасымбекова Гүлнардың ұйымдастыруымен "Кинетикалық энергия.Потенциалдық энергия" тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану, Жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолдану. Оқушылар аталмыш сабаққа бар ынталарымен қатысты.