Арнайы семинар ұйымдастырылды
2022 ж. 12 шілде

Түркістан облысына қарасты Шардара қаласындағы №16 колледжде "Академиялық дербестікті есепке ала отырып ТжКБ беру ұйымдарында оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті нормативтік құқықтық актілер" тақырыбында семинар өтті. Дайындаған оқытушылар Жолдасбаева Ж.А., Ерманов Б.Т., Смаилов О.Б., Шынтуреев С.Ж. Семинар "Тalap" КЕАҚ ұйымдастыруымен ТжКБ беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік арттыру курсын өткеннен кейін кері байланыс жасап, курстың нәтижесі ретінде ұйымдастырылды. Семинарға қатысқандар ұсынылған материалдардың сапасын жоғары бағалап, семинардан кейінгі нәтижелерімен бөлісті және өз ризашылықтарын білдірді.