Арнайы кітап бұрышы ашылды

2022 ж. 4 шілде

Арнайы кітап бұрышы ашылды

Соңғы кездері кеңселерде, көпшілік баратын ғимараттарға оқылып болған кітаптарды қоятын арнайы бұрыштар пайда бола бастады. Олардың қатары көбеймесе азая қойған жоқ. Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті де осы трендтен тыс қалмай жақында ғимарат ішінен арнайы кітап бұрышын ашты.

Мұнда өздеріңіз білетіндей, адамдар өздері оқып болған кітапты әкеліп қояды да, басқасын алып оқуына болады. Яғни үйіңіздегі кітаптың сөреде шаң басып немесе оқылмай жатқанынан гөрі екінші өмір сыйлай аласыз және айналымда жүргенінің өзгелерге де пайдасы бар.

Бұл біріншіден адамдарды білімді, сауатты, интеллектуал қоғам болуға итермелеп, үлесін қосады.

Жалпы, кітап бұрышын ашу идеясы қайдан шықты?

Буккроссинг ағылшын тілінен аударғанда – «кітаптармен алмасу» дегенді білдіреді, яғни халықаралық қоғамдық қозғалыс. Оның мақсаты «оқылған том-том кітаптарды еркіндікке жіберу және кітап оқуды насихаттау. Аталған қозғалыстың мәні мынада - кітапты оқып болғаннан кейін оны кез келген адам өзіне ала алатындай етіп қоғамдық жердегі кафе, кітапхана, метро станцияларына қалдырады. Ол да кейін соны жалғастырады.

«Кітапты достарыңызбен және көршілеріңізбен бөлісу, адамдардың кітап құндылығына деген көзқарасына аз да болсын өзгеріс әкеледі деп үміттенемін. Сонымен қатар, қозғалыс сізге мүлдем бейтаныс адамдармен ортақ тіл табысуға мүмкіндік береді, Дүниежүзілік кітапхана - географиялық шекараларды білмейтін оқырмандардың өзіндік тобы», - дейді алғашқы ресми буккроссинг қызметін құрған Рон Хорнбакер.

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі Кітап айналымы бұрышы – тек кітап алмасу ғана емес, мұнда сіз өзіңіз білмеген заңдар мен басқа да қажетті мағлұматтарды алып, қайта жаңғыртатын орын боларына сенімдіміз.