Арнайы акция өткізілді

2022 ж. 28 маусым

Арнайы акция өткізілді

Жарнама мәтінін аударғанда кәсіп иелері кәсіби аудармашыға ақша төлеуді артық шығын көріп, компьютердегі түрлі бағдарламаларға салып, аудара салады. Нәтижесінде сақау жарнамалар қаптап кетіп, қаламыздың көркін қашырып тұр. Бқл жасыратын жәйт емес. Тіл тазалығын сақтауға мән бермейтіндердің қатары аз емес екендігі де ақиқат. Қазақстан республикасының «Жарнама туралы» Заңында «Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар» деген заңдық күші бар норма қарастырылған. Бұған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады, жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс. Міне, осы нормалар жергілікті жерлерде қаншалықты орындалып жатыр, әсіресе, «Жарнаманың мемлекеттік тілдегі нұсқасына қаншалықты мән берілуде?» – деген мәселе назардан тыс қалмауы тиіс. Көшеде жағалай орналасқан бизнес нысандарының маңдайшалары мен маркетингке қатысты жарнамаларды оқысаңыз, шеттілдік терминдер айқайлап тұрады. Әсіресе кәсіп иелері шетелше атауларға деген махаббатары орасан. Мнә мағынасына қарамай трендтегі атауларды қоя береді. Дегенмен қазақша әп әдемі атаулар көп екендігін ескермейтіндері өкінішті. Өз елінің патриоты ретінде мемлекеттік тілге деген жанашырлығымыз жарнамада да көрініс табуы тиіс. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің насихат тобы аудандағы көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы акция өткізді. Акция барысында атауы жазылған көше аншлагтарының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандарының атаулары «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарға сәйкес дұрыс жазылуына және эстетикалық безендірілуіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, оның ішінде ағарған, тозған, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған, қате жазылған мәтіндерді реттеу керектігі туралы ескертулер берілді. Алдағы уақытта аталған шара жалғасын табатын болады.