"Арқаның алтын сандығы" атты танымдық сабақ өтті

2022 ж. 1 тамыз

"Арқаның алтын сандығы" атты танымдық сабақ өтті

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек- қазақтың маңдайына біткен дара жұлдызы болған жазушы, этнограф, шежіреші, зерттеуші,ғалым Ақселеу атамыз жайлы аңызға бергісіз әңгімелер көп. Біреу ол кісінің білімділігін айтса, біреу шежірешілдігін, тағы біреу əншiлiгiн мақтайды. Ақселеу Сейдімбек қайтыс болғанда әрі досы, әрі замандасы жазушы Әбіш Кекілбаев : «Қазақта сал қандай болады? Ақселеудей болады. Серi қандай болады? Ақселеудей болады. Би қандай болады? Ақселеудей болады. Батыр қандай болады? Ақселеудей болады. Пiр қандай болады? Ақселеудей болады. Қазақтың жақсысы мен жайсаңының бəрi қандай болады? Ақселеудей болады. Қазақтың кəтептi қара нары қандай болады? Ақселеудей болады. Бəрiнiң орнына бiр ғана Ақселеу жүре алады. Ал Ақселеудiң орнына кiм жүре алады?»–деп орны толмас қазаға қатты қайғырған екен.

Ақселеу Сейдімбек өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында көркем әдебиет жанрында қаншама қалам тербейді. «Қыз ұзатқан», «Күзеуде»,«Бір атым насыбай», «Аққыз» сынды шығармалар жазып жүріп, «Көркем шығарма дегенің бос сөздің желқабызы екен. Одан да еліміздің руханиятын құтқаратын ғылыми-көпшілік жанрға көшем», – деп, әріптесі әрі досы Тұрсын Жұртбайға пікірін айтып, біржола ғылымға бет бұрған да Ақселеу Сейдімбек атамыз еді.

Сақтанбай жүретін серілігі, секемсіз сөйлейтін ерлігі «Ызғарлы желтоқсан» оқиғасында өзіне сойыл болып тиіп жастарды ұлтшылдыққа дәріптеді деп жала жабылғанда да сағы сынбаған Ақселеу Сейдімбеков көзінің шырағы өшкенше қазақ пен қаламды бір ананың баласындай аялап, қастерлеп өтті.

Арқаның алтын сандығы Ақселеу Сейдімбековтің есімі «Қазына қалдырған қаламгер» деген атпен қазақ тарихының төрінде тұрақтады. Осы орайда, Ақселеу Сламбекұлының орны толмас естеліктерімен курс тыңдаушыларын таныстыру үшін Түркістан облысына қарасты Арыс қалалық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Мақпал Мұстапаева Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арнап "Арқаның алтын сандығы" атты танымдық сабағын өтті.