Алғыстарын жаудырды

2022 ж. 4 шілде

Алғыстарын жаудырды

Бүгінде жазғы демалыстың көрігін қыздырып жатқан балалар жазғы лагерьлерде әрі оқып, әрі демалып жүр. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп жанынан ұйымдастырылған "Балдәурен " жазғы сауықтыру демалыс лагерінің lll кезеңі аяқталды.Балалар бір ай бойы лагерьде спортпен, серуендеумен, әртүрлі ойындармен, экскурсиялармен денсаулықтарын нығайтты, білімдерін жетілдірді. Сонымен, біздің «Балдәурен» лагерінде жаздың қызықты күндері өтті. Бүгін ауысымның жабылуына арналған соңғымерекелік жиын өтті. Мерекелік жиында лагерь оқушыларының атынан құлақ құрышын қандырар әуезді ән шырқап, мың бұралған қимылымен таң-тамаша би билеп, позитивке толы көрініс қойды. Лагерь балалардың жүрегіне жылулық, қуаныш, ізгілік, сүйіспеншілік сыйлай білгенімен қоса, естен кетпес өте мағыналы естелік қалдырды. Осылайша лагердің жабылу салтанаты жоғары деңгейде аталып өтті. Оқушылар жазғы сауықтыру лагерінің жетекшілеріне алғыстарын жаудырды.