«Ақжайық» музыка мектебінің оқушысы бас жүлдеге ие болды

2022 ж. 30 шілде

«Ақжайық» музыка мектебінің оқушысы бас жүлдеге ие болды

Президентіміз «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», - деген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан - бақытты балалар мекені» І Халықаралық шығармашылық фестиваль – конкурсы 2022 жылдың 16 маусымында өткізілді. Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімі «Ақжайық» музыка мектебінің фортепиано сыныбының оқушысы Әлі Ақбала «Эстрадалық ән салу» жанры бойынша қатысып, Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Низамов Исамиддин. Өнері мен білімін паш еткен дара талант иесіне өнерде де өмірде де жолың ашық болсын дейміз.