"Ақ көгершін" жазғы сауықтыру алаңшасының жабылу салтанаты өтті
2022 ж. 6 шілде

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінде оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан ашылған "Ақ көгершін" жазғы сауықтыру алаңшасы 10 күн бойы жұмыс жасап, 350 баланы қамтыды. Бүгін жазғы сауықтыру алаңшасының жабылу кеші ұйымдастырылды, кеш барысында мектеп директоры Айдарханова Гульнар Каражановна сөз алып, белсенді оқушыларымыз бен олардың тәрбиешілеріне әкімшілік атынан алғыс білдіріп, марапаттар табыстады. Бүлдіршіндерге мұғалімдердің демеушілігімен заттай сыйлықтар табыс етілді. Балалардың қуаныштарында шек жоқ. Іс-шара соңы мерекелік бағдарламаға ұласты. Мерекелік бағдарламадан соң тәрбиешілер оқушыларды аквапаркке апарып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қайтты.