«Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы» тақырыбында семинар өткізілді
2022 ж. 28 маусым

Адамзаттың атам заманнан келе жатқан арғы, бергі мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше екені белгілі. Жазу арқылы ата-бабамыздың өткен тарихымен танысамыз. Жазу болмаса әрине тарихты оқу мүмкін емес. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздің де өз үлесін қосқаны тайға таңба басқандай ақиқат. Оның өзіндік себептері де бар, яғни, жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Қай халық болмасын ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы яғни, тарихы арқылы танылады. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз. Тіл білімін жтілдіруде Ахмет Байтұрсыновтың сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Бүгінгі таңда Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай әр өңірде тіл біліміне қатысты түрлі жиындар, конференциялар, семинарлар өткізілуде. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі оқытушылары Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Ақдала ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлерімен «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында қазақ тарихындағы жазудың алар орны, тіл білімін жетілдіруде Ахмет Байтұрсыновтың сіңірген еңбегі тілге тиек болды. Семинарға қатысушылар тіл ілімі жайлы мол мағлұмат ала алды.