«Абай оқулары» байқауында жүлделі орын иеленді

2022 ж. 30 шілде

«Абай оқулары» байқауында жүлделі орын иеленді

2022 жылы 29 шілде күні Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы, “Атамекен” жалпы орта мектебінің базасында Республикалық “Абай оқулары” байқауының облыстық кезеңі 6 бағыт бойынша өтті, яғни, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», « Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі». Байқауға 16 аудандық жалпы білім беру және 4 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы 93 оқушы қатысты. Түркістан облысы Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №33 Н.Шойынбаев мектебінің Закиров Айсұлтан мен Ануар Аружан байқаудан жүлделі орынмен оралды. Закиров Айсұлтан 1- орын, Ануар Аружан Алғыс хатпен марапатталды.Дарынды шәкіртті шығармашылыққа жетелеген жетекшісі, әрі ұстазы Нияскулова Галия Куралбекқызы.