15 мыңнан астам кәсіптік техникалық білімі бар студенттерді даярлаған

2022 ж. 12 шілде

15 мыңнан астам кәсіптік техникалық білімі бар студенттерді даярлаған

Түркістан облысына қарасты Леңгір қаласындағы №8 колледждің құрылғанына 80 жыл толды. Осы уақыт ішінде 15 мыңнан астам кәсіптік техникалық білімі бар студенттерді даярлап, олар қалалық және облыстық кәсіп орындарда, сондай-ақ Республикамыздың түпкір-түпкірінде, жақын және алыс шет елдерінде абыроймен еңбек етуде. Педагогикалық ұжымда 24 оқытушы, 12 өндірістік оқыту шеберлері бар. Олардың 50%-дан астамы жоғары дәрежелі білікті мамандар. Колледжде 26 оқу кабинеті, 2 зертхана, 12 шеберхана, 2 компьютерлік сыныптар, 16 интерактивті құрал-жабдықтар, 63 интернет желісіне қолжетімділіктер, 106 оқу процесінде пайдаланылатын компьютерлер саны, ақпараттық технологиялар орталығы, 24000 астам кітап қоры бар кітапхана, 200 электрондық кітап, медпункт, жаздық спорт алаңы, 120 орындық асхана, Оқу кабинеттері аудио, видео және компьютер техникаларымен жабдықталған. 2022-2023 оқу жылдарында №8 колледж МКҚК мекемесі мемлекеттік тапсырыс негізінде мамандықтар бойынша орта білімді оқушыларды ақысыз білім алуға қабылдайды. Студенттер тегін жатақханамен қамтамасыз етіледі. Шәкірт ақы төленеді. Жол ақысы 4АЕК. Бітіруші түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Колледж студенттері облыстық және аудандық мәдени көпшілік іс-шараларға, түрлі спорттық жарыстарға, көңілді жастар ойын-сауықтарына, көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысып үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді.

Облыс және аудандағы өнер кәсіп орындарымен әлеуметтік серіктестер құрылған. Іс-тәжірибе өту және жұмыспен қамту мәселелері шешілген.

«Кәсіптік-техникалық» білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.