Білімді ұрпақ-ұлтымыздың баға жетпес қазынасы

Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. әрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына саймектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайынәдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.
Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет.
Мектепке дейінгі балалар сөздін моделін, суретін, сызбасын тез қабылдайды және көпке дейін естеріне сақтайды. Сөздік қорын кеңейту, білімін жетілдіру, сөздерді байланыстыра сөйлеуде тірек суреттердің, шартты белгілердің рөлі ерекше. Мысалы « отыр» деген сөзді айтқанда қандай ассоциация келеді? Ең бірінші-орындық. Сол орындық «отыр» деген сөздің шартты белгісі болады, бала осы символды көргенде ойына осы сөз келеді.
Жай сөйлем құрастыруға мүмкіншілік тудырылады. Ата отыр. Әже отыр.
«Таза» деген сөзді тамшы, су арқылы түсіндіруге болады.
Авторлық шартты белгілер.
Мақсаты:
-Балалардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру
-Сурет, кесте, сызба түрлерін пайдалана отырып балалардың сөздік қорларын молайту.
-Сөздерді сызба – кесте арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-Қазақ тілінің төл дыбыстарын анық, түсінікті айтуға дағдыландыру
-Бейнелеу өнер сабағымен байланыстыра отырып сурет салуға үйрету. Дұрыс та сауатты сөйлеуге дағдыландыру.
Аталған ойын-тапсырмалармен жаттығулар тілді дамытумен қатар барлық сезім мүшелерінің жұмысын, танымдық белсенділігін арттыра түседі. Яғни тірек кестелер мен белгілерді тез ұғынып, есте сақтап баланың өзіндік жұмыс жасауына жағдай жасайды. Байланыстырасөйлеу дағдылары шартты белгілер, суреттер, сызбалар, арқылы дамытылады. Балалардың есту, көру, ойлау қабілеттері танымдық іс-әрекеттері арқылы жетілдіреді.
Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді ұрпақ тәрбиелейді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп, Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан — жақты тәрбиелеу мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармайық. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.
Жанар Есенәліқызы-№82 "Еркем-ай" бөбекжай балабақшасының "Балапан" кіші тобының тәрбиешісі